«ДИНА» ЖӘНЕ «МҰХИТ» СЫНЫПТАРЫ АШЫЛДЫ
Ұлттық өнерді ұлағатты ұрпаққа аманаттау – рухани сабақтастықтың жарқын көрінісі. Орал қаласында Республика күніне орай Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінде «Дина» және «Мұхит» атты жаңа сыныптар салтанатты түрде ашылды. Бұл бастама – қазақтың күйшілік және әншілік өнерін дәріптеп, ұлы тұлғалардың мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіруге бағытталған игі қадам. Салтанатты іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысып, оқушылардың өнерін тамашалады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо