Негізгі Жаңалықтар ЕҢБЕГІ ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕҢБЕГІ ЕЛ ЕСІНДЕ

Оралда өңірдің автокөлік саласының дамуына ғұмырын арнаған еңбек ардагері Александр Валаховтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы ретінде танылған азаматтың есімін ұлықтау рәсіміне кезінде әріптес болған замандастары мен туған-туыстары жиналды. Олар ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен тұлғаның өнегелі жолын еске алып, рухына тағзым етті.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу