«ҚҰЛАГЕР – ҒҰМЫР»
Өнері өлмейді, есімі ел жадында. Жымпитыда суретші Мұратбек Жоламановтың туғанына 60 жыл толуына орай облыстық суретшілер байқауы өтті. «Құлагер – ғұмыр» деп аталған шарада қылқалам шеберлері ауданның тарихи орындары мен көрікті мекендерін кенепке түсірді. Өнер додасы тағзым мен тағылым тоғысқан рухани мерекеге айналды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо