ОРАЛДА «ТАЙБУРЫЛ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Көшім жылқысы тұқымының шығарылғанына – 50 жыл. Осы мерейтойға орай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен облыс әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен Оралда «Тайбурыл» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Келелі кеңестің мақсаты – жылқы шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылап, ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен бөлісу, қазақы жылқы тұқымдарын сақтау мен жетілдірудің тиімді жолдарын айқындау. Халықаралық басқосуға алыс-жақын шетелдерден келген сала мамандары қатысып, тәжірибе алмасты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо