2023-2026 ЖЫЛДАРЫ 60 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Жаңақала ауданында болды. Аймақ басшысы алдымен ауданаралық сауықтыру ауруханасы оңалту орталығын аралады. Кейін коммуналдық кәсіпорынға арнайы техникалардың кілтін табыс етті. Қамыс-Самар елінің жұртшылығымен жүздесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Түйткілді мәселелерді талқылап, тұрғындардың ұсыныс-тілегін тыңдады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо