Негізгі Жаңалықтар ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: ТӘЖІРИБЕ МЕН ТАҒЫЛЫМ

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: ТӘЖІРИБЕ МЕН ТАҒЫЛЫМ

Оралда мемлекеттік қызмет ардагерлері мен жас мамандардың кездесуі өтті. «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында ұйымдастырылған шараға мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлер мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алып жүрген мамандар қатысты. Басқосуда аға буын өкілдері еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Сондай-ақ кітап оқудың маңызы мен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы сөз болды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу