БАЗАРЛАР ЖАҢҒЫРТЫЛУДА
Орал қаласында кезекті базар жаңғыртудан кейін қайта ашылды. Енді ол «Олжа» сауда үйі деп аталады. Ескі сауда контейнерлерінің орнында заманауи 2 қабатты ғимарат бой көтерген. Нысанды жаңарту ескі сауда орындарын заманауи кешендерге айналдыруға мүмкіндік беретін «Базарларды жаңғырту» бағдарламасы аясында жүзеге асуда.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо