Негізгі Жаңалықтар «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ҚЫЛМЫСҚА ТОСҚАУЫЛ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ҚЫЛМЫСҚА ТОСҚАУЫЛ

Қоғамдық қауіпсіздік – күнделікті әрі жүйелі жұмысты талап ететін міндет. Құқық бұзушылықтың алдын алу, іздеуде жүрген адамдарды анықтау және кез келген оқиғаға жедел әрекет ету. Облыста бұл бағыттағы жұмыс профилактикалық шаралармен қатар, заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен жүзеге асып жатыр. Қазір өңірде мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Оның ішінде адамның бет-әлпетін автоматты түрде танитын жүйелер де бар. Олар жыл басынан бері ондаған іздеудегі адамның жүрген жерін анықтап, көптеген қылмыстың ашылуына септігін тигізген. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу