AUYL SPORT- 2026: ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
Ауылдан шыққан жас спортшылар үлкен додаға жолдама алды. Облыста AUYL SPORT - 2026 өңірлік турнирі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Биыл жарысқа ауылдық елді мекендерден 586 жас спортшы қатысты. Олар спорттың жеті түрінен өзара мықтыны анықтады. Halyk қайырымдылық қорының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жобаның басты мақсаты – ауыл жастарын бұқаралық спортқа тарту, талантты өрендерді қолдау және олардың үлкен жарыстарға қатысуына мүмкіндік жасау.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо