ЖАС САҚШЫЛАР ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫР-СЫРЫН МЕҢГЕРУДЕ
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында облыстың барлық дерлік ауданында «Жас сақшы» сыныптары ашылған болатын. Солардың бірі – Шыңғырлау ауданындағы Лұқпан Қылышев атындағы мектепте жұмыс істейді. Мұндағы басты мақсат – оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, бойларына азаматтық жауапкершілік пен тәртіптілік қасиеттерін сіңіру, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттыру. Осы бағытта жас сақшыларға арнайы дәрістер оқылып, танымдық сабақтар мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо