КҮЗГІ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖАЛҒАСУДА
Диқандар биыл мол өнім алуда. Бұған жауын-шашынды көктем себеп. Қазір өңірде дәнді дақылдарды жинау толық аяқталса, көкөніс, картоп және майлы дақылдар бойынша жиын-терім жүріп жатыр. Осы орайда өнімді сақтайтын орынның болуы да маңызды. Бұл мәселені шешу мақсатында бірден үш заманауи көкөніс қоймасы салынып жатыр. Апта бедерінде күзгі науқанның барысы туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев баяндаған еді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо