ДӘСТҮРЛІ ӘН ӨНЕРІНДЕГІ РЕКОРД ЖАҢАРДЫ
Ақ Жайық төрінде қазақтың дәстүрлі ән өнері тағы бір биік белесті бағындырды. Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармонияның 60 жылдығына орай, мекеме басшысы, ақын Бауыржан Халиолланың бастамасымен дәстүрлі ән орындаудағы әлемдік рекордтарды жаңғыртуға арналған ауқымды жоба өтті. Екі күн бойы әнсүйер қауым қазақтың төл өнерінен сусындады, ал өнер майталмандары Хатимолла Бердіғалиев пен Қайрат Кәкімов бұған дейін тіркелген екі рекордты жаңғыртты. Қазақ әнінің мәртебесін асқақтатқан шараның барысын әріптесім Л. Елеу баяндайды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо