«ТАЗА ОРТА – ТАЗА БОЛАШАҚ»
Қоршаған ортаны қорғау, еңбекке баулу. Қазақстанда бұл бағыттағы тәрбие мектепке дейінгі ұйымдарда да жүйелі түрде қолға алынған. Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, қаңтар айынан бастап елімізде «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаға 20 өңірден 100 балабақша қатысады. Олардың қатарында Батыс Қазақстан облысынан іріктелген бес бөбекжай бар. Ал 12 қыркүйек пен 12 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы осы бағыттағы бастамаларға жаңа серпін беріп отыр.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо