ӘСКЕРИЛЕР АРДАГЕРЛЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ
Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің қызметшілері қарттар күніне орай сала ардагерлерінің үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Оркестрдің сүйемелдеуімен концерттік бағдарлама ұйымдастырып, жылдар бойы атқарған адал қызметтері үшін ризашылыққа толы алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады. Ардагерлердің көп жылғы еңбегі мен ел дамуына қосқан үлесі әскери бөлім тарихының ажырамас бөлігі.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо