ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА
Ұстаз еңбегі – ұрпақ жадында қалатын өнеге. Білімнің даңғыл жолына бастайтын мұғалімнің әр күні маңдай термен, мағыналы еңбекпен өлшенеді. Ал шәкірт жүрегінен орын алған ұстаздың ғибратты ғұмыры – кейінгі буынға үлгі. Теректі ауданындағы Қуанышқалиевтар отбасы – бар ғұмырын бала оқытуға арнаған ұстаздар әулеті. Отағасы Төлеген Қуанышқалиев пен зайыбы Мәруа Молдағалиева ауыл мектебінде елу жылға жуық математика пәнінен сабақ берген. Қазір зейнет жасында болса да, қара шаңырақ – мектептен қол үзген жоқ.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо