КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА
Орал қаласындағы су құбыры желілерінің тозу деңгейі 60 пайыздан асады. Ал кәріз желілерінің тозуы 61,2 пайыздан жоғары. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдері «Батыс су арнасы» ЖШС нысандарына ұйымдастырылған баспасөз туры барысында мәлімдеді. Іс-шара «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Бүгінде желілердің тозуын азайту бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Сюжетте толығырақ.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо