«ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР»: ОҚУШЫЛАР ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТТА БАҚ СЫНАДЫ
Мүмкіндік бәріне ортақ! Оралда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен олардың сыныптастары бір команда болып, жеңіске жету үшін қатарластарымен сайысты. «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңіне 150-ге жуық оқушы қатысты. Жарыста балалардың бір-біріне қолдауы мен командалық бірлігі айрықша көзге түсті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо