20 ЖАС ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Оралда жас сарбаздарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Ұлттық ұлан сапында мерзімді әскери қызмет атқаруға 20 жас сарбаз аттанды. Оларды Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов пен департамент басшылығы, сала ардагерлері шығарып салды.