КҮЗГІ БАЛЫҚ АУЛАУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК МАҢЫЗДЫ
Күзде су айдындарындағы қауіп сейілмейді. Күн суытып, жел күшейген кезде әсіресе балықшылар үшін сақтық шараларын қатаң сақтау маңызды. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қауіпсіздік талаптарын еске салды. Қазір қауіпті учаскелер бақылауға алынып, рейдтік және түсіндіру жұмыстары күшейтілген.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо