ҚҰРАҚ КӨРПЕ – ҚҰНДЫЛЫҚ
Қазақтың құрағы – жай ғана қиындыдан құралған бұйым емес. Әр бөлігі өз алдына бөлек болғанымен, біріккенде тұтас дүниені құрайды. Бәлкім, оның бар қадірі де осында шығар. Ақжайық ауданында ұлттық қолөнерді ұлықтаған «ҚұрақFest-2026» фестивалі өтті. Бір күнде 166 көрпе бір жерге төселіп, тұтас бір өнер туындысына айналды. Ең қызығы, олардың барлығы бір үлгіде тігілген.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо