БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
Оралда «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған ашық есік күні өтті. Қабылдауға келген тұрғындар бала тәрбиесі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, баспана және құқықтық мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Мамандар әр өтінішті жеке қарап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо