UNISERV MEDICAL CENTER-ДЕ ҚАЛҚАНША БЕЗІН ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Қалқанша безіндегі түйіндерді емдеудің заманауи тәсілі. Uniserv Medical Center-де радиожиілікті абляция технологиясына арналған екі күндік шеберлік сағаты өтті.
Технологияның мүмкіндіктерін көрсету үшін Астана қаласынан ядролық медицина дәрігері, интервенциялық хирург Арман Ибраев арнайы шақырылды. Білікті маман өз тәжірибесімен бөлісіп, бірнеше отаға қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо