БЕРІК ОТБАСЫ – БЕРЕКЕЛІ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Елімізде кең көлемде атап өтілетін «Отбасы күні» қарсаңында Батыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өкілдері Бәйтерек ауданына барып, Отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты. Сапар барысында мамандар түрлі отбасылық мәселелер мен қиындықтарға тап болған азаматтарға кешенді көмек көрсету үшін жасалған жағдайларды зерделеді. Орталықтың негізгі мақсаты – тығырыққа тірелген адамды жалғыз қалдырмай, дер кезінде қажетті қолдау көрсету. Айта кетейік, өңірде 7-13 қыркүйек аралығында отбасы апталығы өтуде.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо