АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА
Теректі ауылында су жүйесін жаңғырту жұмыстары басталды. Құны 2 миллиард теңгеден асатын жоба су көзінен бастап, тұрғындардың үйлеріне дейінгі барлық инфрақұрылымды қамтиды. Жұмыс толық аяқталған соң тіршілік нәрі тұрақты әрі үздіксіз берілуі тиіс. Мердігерлер жаңғыртылған жүйені келер жылдың көктемінде іске қосуды жоспарлап отыр.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо