ӨҢІРГЕ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ БАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ
Өңір фермерлері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Игілік» бағдарламасының мүмкіндіктерін алғашқылардың бірі болып пайдалануда. Жеңілдетілген несие аясында «Арыстанов» шаруа қожалығы сүтті бағыттағы «Қызыл дат» тұқымының 148 бас құнажынын сатып алды. Жас мал Даниядан Қазақстанға ұшақпен жеткізілді. Құнажындарды бірден Оралға әуе жолымен әкелуге жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағы мен әуе кемесінің көлемі мүмкіндік бермеген. Сондықтан зеңбі баба төлі тиелген ұшақ Ақтөбе әуежайында қабылданды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо