ЕКІ АУЫЛДА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ
Ақжайық ауданындағы Қабыршақты және Алғабас ауылдарында жаңа ветеринариялық станция пайдалануға берілді. Заманауи нысандар төрт түлікті уақтылы тексеріп, аурудың алдын алуға және ветеринариялық шараларды талапқа сай жүргізуге мүмкіндік береді. Нысандардың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, аудан басшылығы, сала мамандары, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо