ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ КҮН
Құрылтай депутаттарын сайлау елдің қоғамдық өміріндегі маңызды науқан. Оған белсенді қатысып, өз таңдауын жасау әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің белгісі. Бүгін қала тұрғындары таңертеңнен бері сайлау учаскелеріне ағылып, өз таңдауын жасауда. Сайлаудың әділ әрі ашық өтуін жергілікті және тәуелсіз байқаушылар назарда ұстап отыр.