БҚО ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы Ақпараттық технологиялар колледжінде орналасқан №521 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы бұл саяси науқанның ел болашағы мен даму бағытын айқындаудағы маңызына тоқталды. Дауыс бергеннен кейін журналистерге сұхбат берді.