БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
Елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауында Бөкей ордасының тұрғындары да белсенділік танытуда. Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар жандардың кедергісіз дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Шалғайда орналасқан елдімекендерде тұратын немесе денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге жазбаша өтініш берген азаматтар да өз таңдауларын жасауда. Бұл бағытта аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бекбол Жұмабекұлы баяндады.