ДАУЫС БЕРУ АЯҚТАЛДЫ
Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқан. Әр азаматтың өз таңдауын жасап, сайлау процесіне белсенді қатысуы – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Қазіргі уақытта өңірдегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Саяси науқанның өтуі туралы хабар таратқан әріптестерім сәт сайын жаңарған ақпаратты жеткізуге тырысты. Тілшілер қауымы әлі де тыным тапқан жоқ. Өйткені қазір сайлау учаскелерінде жұмыстың нағыз қайнайтын кезі.