ҚАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
Құрылтай сайлауына өңірдегі барлық аудан, ауыл-аймақ тұрғындары ұйымшылдықпен қатысуда. Бұл күні халық өз таңдауын жасайды. Мүгедектігі бар жандардың кедергісіз дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда: сайлау учаскелерінде пандустар, тұтқалар, тактилді белгілер, бедерлі көрсеткіштер, көмекке шақыру батырмалары талапқа сай орнатылды. Сондай-ақ, арнайы кабиналар, бұрыштар жасақталып, үлкейткіш көзәйнек, жарық шамы, сайлау туралы ақпараттармен қамтылған компьютерлермен жабдықталған. Дәл қазір Қазталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы телефон желісі арқылы тікелей эфирде байланысқа шықты.