ҚОСАРАЛДА ЖАЗ МАУСЫМЫ ҚАРБАЛАС
Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округіне қарасты Қосаралда жаз маусымы қызу еңбекпен өтіп жатыр. Шағын ауылда бөгет салынып, ауыз су желісі тартылуда. Ветеринариялық пункт пен тұрғын үй құрылысы да қарқын алған. Ал Тасқала ауданында диқандар бітік шыққан егінді шашау шығармай жинауға кірісті. «Атамұра» шаруа қожалығы жасымық ору науқанын бастап кеткен.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо