ЖАС ОФИЦЕРЛЕР – ЕЛ ШЕБІНДЕ
18 тамыз – Шекарашылар күні. Кәсіби мереке қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов жоғары әскери оқу орындарының түлектерімен кездесті. Қазақстанның әр аймағынан келген жас офицерлер қызмет жолын батыс шекарадан бастамақ. Кездесуде оларға ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жүктелген міндеттің жауапкершілігі туралы айтылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо