ҚОНЫСТОЙ ҚУАНЫШЫ
Тұрғын үй құрылысы ауылдық жерлерде де қарқын алып отыр. Соның ішінде, жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды, әлеуметтік осал топтағы жандарды баспанамен қамтуға басымдық берілуде. Казталов ауданында «Отбасы банк» арқылы көпбалалы отбасыларға жаңа пәтерлер берілді. Сондай-ақ «Қаладан – ауылға» бағдарламасы аясында қоныс аударғандарға тұрғын үйлердің кілті табысталды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо