ДИҚАНДАР 300 МЫҢ ТОННА АСТЫҚ ЖИНАДЫ
Өңірде егін орағы қызу жүріп жатыр. Биыл ауа райы шаруаларға қолайлы болды. Көктемгі ылғал қоры жеткілікті жиналып, жауын-шашын дер кезінде түсті. Ал кейінгі аптап ыстық астықтың бітік шығуына мүмкіндік берді. Ендігі мақсат – әрбір ашық күнді тиімді пайдаланып, өнімді ысырапсыз жинап алу. Мамандардың айтуынша, жоғары көрсеткіш – қолайлы ауа райымен қатар, диқан еңбегі мен дұрыс таңдалған агротехнологияның нәтижесі.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо