АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА БАСПАНАЛАР
Шекаралас елді мекендер – еліміздің қауіпсіздігі мен экономикалық дамуы үшін маңызды аймақтар. Сондықтан аталған аумақтарды дамыту – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Соның жарқын дәлелі – Бәйтерек ауданындағы Құрманғазы ауылы. Мұнда мемлекет инфрақұрылымды жаңғыртумен ғана шектелмей, халықтың көшуін тежеуге және жаңа тұрғындарды тартуға ерекше көңіл бөліп отыр. Осылайша мектептегі оқушылар санын сақтап, тұрақты дамуға жол ашылуда.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо