Орал қаласында тұрғындар үшін қауіп төндіріп келген қараусыз қалған нысан сүрілді. Зачаганск кентіндегі көпқабатты үйлердің ортасында орналасқан, құрылысы аяқталмаған ғимарат жылдар бойы қаңырап бос тұрған. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ашық ақпарат көздерін, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған барлық мәліметтерді кешенді талдау негізінде осы нысан анықталып, құзырлы мекемелерге сүру туралы ұсыныс берілген. Айта кетейік, бұл орайда мамандарға жасанды интеллекттің заманауи технологиясы қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін орындарды анықтауға көмектесуде.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо