Өңірде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясының екінші кезеңі өткізілді. Тасқала ауданында ұйымдастырылған іс-шараға вице-министр Жандос Сәлімов, облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, «Қазсушар» кәсіпорны мен Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының мамандары, мемлекеттік қызметшілер, Үкіметтік емес ұйым мүшелері, «Жасыл ел» еңбек жасағы мен ерікті жастар қатысты.#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо