Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – рухани дамыған қоғам құрудың маңызды бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқитын ұлт қалыптастыру міндетін ерекше атап өткен болатын. Осы бағыттағы бастамалардың бірі – Орал қаласында ұйымдастырылған «Кітаппен демалыс: жазғы оқу» әлеуметтік жобасы. Жайық өзенінің жағалауындағы саябақта оқырмандар ашық аспан астында кітап оқып, өзара ой бөлісті.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо