Су – тіршіліктің бастауы, ел ырысының қайнар көзі. Осы баға жетпес байлықты сақтап, халық игілігіне пайдалану жолында тер төгіп жүрген мамандардың еңбегі көбіне тасада қалып, елене бермейді. Көктемгі тасқынның алдын алып, жазғы тіршілікке қажетті су қорын реттеп отырған су шаруашылығы қызметкерлерінің мойнындағы жауапкершілік орасан. Кәсіби мерекеге орай арна тілшісі табиғаттың тосын мінезімен бетпе-бет келіп, ел қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет етіп жүрген мамандардың жұмысымен танысып қайтты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо #жұманыңжарқынсюжеті