Орал қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 24 ауланы ретке келтіру былтыр басталып, биыл толық аяқталды. Ал бюджет қаражатының үнемделуі нәтижесінде тағы сегіз аулада қосымша құрылыс жұмыстары қолға алынды. Негізгі мақсат – тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо