Орал қаласында Абай полиция бөлімінің жаңа әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Талапқа сай жөнделген нысанда тәртіп сақшыларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған. Мұның өзі тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға да мүмкіндік береді. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо