Цифрлық дәуірде сапалы байланыс пен тұрақты ғаламтор – халықтың күнделікті тұрмысына, ел дамуына ауадай қажет қызметке айналды. Бүгінде облыстағы 405 ауылдың 372-сі интернет желісіне қосылған. Бұл – қамту деңгейі 92 пайызды құрайды деген сөз. Ал 376 ауылдың тұрғындары мобильді байланыс қызметін еркін пайдаланып отыр. Осылайша ұялы байланыспен қамту көрсеткіші 93 пайызға жеткен. Байланыс және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған жұмыстар өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қорытындыланды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо