Ұлттың рухани мұрасын ұлықтаған Ақжайық өңірінде ауқымды бастама қолға алынды. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармонияның дәстүрлі әншілері Қатимолла Бердіғалиев пен Қайрат Кәкімов қазақтың дәстүрлі ән өнерінен жаңа рекорд орнатуға дайындалуда. Осыған орай өңірге арнайы келген елге белгілі өнер және ғылым қайраткерлері алдағы жобаның талаптарын таныстырып, дайындық жұмыстарының бағытын айқындады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо