Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі сән фестивалі өтті. Бесінші рет ұйымдастырылған шара отандық және шетелдік дизайнерлердің басын қосты. Екі күнге созылған көрсетілімге Ресей мен Қырғызстаннан келген мамандар, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен жиналған сән индустриясының өкілдері қатысты.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо