Орал қаласында «ECOBATYS ерте жастан еңбекке баулу дәстүрлі және заманауи педагогикалық технологиялардың интеграциясы» атты республикалық семинар өтті. Іс-шара еліміздің барлық өңірлерінен келген мектепке дейінгі білім беру саласы мамандарының басын бір арнаға тоғыстырды. Кәсіби диалог пен озық педагогикалық тәжірибе алмасуға арналған семинарда оқытудың заманауи тәсілдеріне негізделген шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо