Өңірде мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан еңбекке баулудың озық тәжірибелерін насихаттауға арналған республикалық семинар өтті. «Ерте жастан еңбекке баулу: дәстүрлі және заманауи педагогикалық технологиялар интеграциясы» тақырыбындағы ауқымды жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген педагогтер қатысты. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының өкілдері, республиканың 14 өңірінен мемлекеттік және жеке бөбекжайлардың меңгерушілері мен әдіскерлері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының мамандары мектепке дейінгі тәрбие берудегі өзекті мәселелерді талқылады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо