Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында жұмыс сапарымен болып, маңызды жобалардың жүзеге асуына назар салды. Атап айтқанда, Құспанкөл елді мекеніндегі шағын жинақты мектеп пен «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» күре жолындағы құрылыс жұмыстарын бағамдап, бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ өңір басшысына сумен жабдықтау нысанының жобасы таныстырылды.