Бүгін Орал қаласы бойынша 3084 түлек бала шақтан болашаққа қадам басты. Биылғы түлектердің 144-і «Алтын белгіге» үміткер болса, 123-і «Ерекше аттестатқа» ие болмақ. Жылдағы дәстүрге сай барлық қала мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты өтті. №51 ЖОББМ-дегі мерекелік шараға қала әкімі Мұрат Байменов қатысып, түлектерге сәт сапар тіледі.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо