Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған ардагер Сәндеш Жақашеваның шаңырағына арнайы барып, хал-жағдайын білді. Кездесуде ардагер ұстаздың өнегелі өмір жолы, ұрпақ тәрбиесіне қосқан елеулі үлесі туралы әңгіме болды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо